Серхио Рамос "Севилья" сапынан кетті

О Сансызбай Корреспондент
Серхио Рамос "Севилья" сапынан кетті
Фото ©️ championat.com

38 жастағы орталық қорғаушы Серхио Рамос "Севилья" командасы сапынан кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

БӨЛІСУ

"Севилья" командасы Серхио Рамостың өз ісіне адалдығы, көшбасшылығы мен асқан жауапкершілігі үшін алғыс білдіреді, келесі спорттық мансабында сәттілік тілейміз, - делінген ресми хабарламада. 

Серхио Рамос өзі ойнаған "Севильяға" өткен жазда ауысып келген еді. Барлық жарысты қоса алғанда 37 матчқа қатысып, 7 гол соқты. Transfermarkt ақпараты бойынша футболшының трансферлік құны 2,5 миллион еуроны құрайды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз