Англия Еуропа чемпионатындағы матчте Сербияны жалғыз голмен ұтты

Manas Корреспондент
Англия Еуропа чемпионатындағы матчте Сербияны жалғыз голмен ұтты
Фото ©️ goal-box.ru

Футболдан Еуропа чемпионатында Англия құрамасы Сербияны ұтты.

БӨЛІСУ

С тобындағы кездесу Гельзенкирхендегі "Фельтинс-Арена" стадионында өтті. Англиялықтар бұл матчте 1:0 есебімен басым түсті.

Ойындағы жалғыз голды "Реалдың" 20 жастағы жұлдызы Джуд Беллингем салды. 13-минутта ол баспен әдемі гол салды.