Зайнутдинов Нұрәлі Әліппен командалас атанады

О Сансызбай Корреспондент
Зайнутдинов Нұрәлі Әліппен командалас атанады
Фото ©️ ©"Бешикташ" ФК

Ресейдің "Зенит" және Түркияның "Бешікташ" командалары екі бірдей футболшының трансфер бағасына келісті. 
Келісім бойынша отандасымыз Бахтиер Зайнутдинов пен португалдық Жедсон Фернандеш ресейлік клубқа ауысады.

БӨЛІСУ

Түркияның  Sabah Spor басылымы хабарлағандай, Бахтиердің трансферлік құны 4,5 миллион еуро болса, Жедсонға 17 млн еуро және қосымша тағы 2 миллион еуро төленеді.

"Зенитте" Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Нұрәлі Әліп те ойнайды. Бахтиер ауысатын болса, екеуі командалас атанатын болады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!