Қазақстан құрамасының футболшысы еуропалық клубқа ауысады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасының футболшысы еуропалық клубқа ауысады
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов мансабын Данияның "Орхус" командасында жалғастырады, - деп хабарлайды Meta-ratings.

БӨЛІСУ

"Ақтөбе" командасы ойыншыны сатқаны туралы бүгін хабарлайды деп күтілуде. Осыған дейін Оразовқа "Орхустың" қызығушылық танытқаны белгілі болған еді. Екі команда арасындағы келіссөз сәтті аяқталған. 

Рамазан Оразов "Ақтөбеге" дейін Словенияның "Копер" командасында ойнап келген еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!