"Реал" тәртіп бұзған футболшысын сатқысы келеді

О Сансызбай Корреспондент
"Реал" тәртіп бұзған футболшысын сатқысы келеді
Фото ©️ ©James Gill - Danehouse

"Реал" бразилиялық шабуылшы Родригоны сатқысы келеді. Бұл туралы sport.es басылымы хабарлады. 

БӨЛІСУ

Мадридтік клуб басшылығы футболшының сұхбатын ұмытар емес. Ол Чемпиондар лигасының финалы алдындағы бір сөзінде "Манчестер Ситиді" үздік команда деп атаған еді.

Кей басылымдар мұны Родригоның жайдан жай айтпағанын жазуда. Себебі шабуылшы негізгі құрамдағы орнынан айырылса, басқа командаға ауысқанды жөн көреді.

"Корольдік клуб" талантты ойыншыны 150 млн еуро ұсынған клубқа сатуға бекініп отыр.

Родриго өткен маусымда 51 матчқа қатысып, 17 гол соқты. Командамен қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.