"Қайрат" футзал клубына ірі көлемде айыппұл салынды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Қайрат" футзал клубына ірі көлемде айыппұл салынды
Фото ©️ ©"Қайрат" АФК

Астанада Қазақстан футбол федерациясы Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Онда қарсылас команда атрибутикасын аяғымен таптаған ойыншыларға қатысты мәселе қаралды. 

БӨЛІСУ

Қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан "Қайра" футзал клубы ойыншылары үшін командаға 500 АЕК мөлшерінде (1 846 000 теңге) айыппұл салынды. 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет.

"Қайрат" АФК бас директоры А.М.Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция берілді.

"Қайрат" АФК аталмыш жағдайдың бастамашыларын (араңдатушыларын) тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелді. Нәтижесін 2024 жылдың 24 маусымына дейін хабарлауы тиіс.

Ұлттық құрама қақпашысы Игита болған оқиғаға қатысты видеоүндеу жасап, көпшіліктен кешірім де сұрады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!