Жас қазақстандық Азия теннис федерациясы рейтингінде көш бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жас қазақстандық Азия теннис федерациясы рейтингінде көш бастады
Фото ©️ ©olympic.kz

Азия теннис федерациясы 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингін жариялады, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.

БӨЛІСУ

Қазақстандық 15 жасар теннисші Заңғар Нұрланұлы ұпай санын 2 610-ға жеткізіп, рейтингте көш бастады.

Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар жекелей сында алты кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сетте жеңілген жоқ.

– "Реалдың" бір ойыны 20 млн еуро алып келеді. Ал олар болса бүкіл турнирге сонша қаржы бермек. Әрине, олай болмайды. Өзге клубтар секілді біз де бас тартамыз.

Қазіргі кезде Заңғар Нұрланұлының еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар, оның үшеуі жекелей, біреуінде жұптық сында қол жеткізген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!