Милана Парфилова Ресейдегі халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды

Мира Лұқпан Корреспондент
Милана Парфилова Ресейдегі халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды
Фото ©️ olympic.kz

Ресейдің Омбы қаласында екі дүркін Олимпиада чемпины Евгения Канаеваның жүлдесі үшін жарыс өтуде. Аталған сында қазақстандық Милана Парфилова көзге түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Милана таспамен жаттығуда қола, шығыршықпен жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. 

Одан бөлек, топтық жаттығудан Қазақстан командасы бес шығыршықпен жаттығуда турнирдің күміс медалін иеленді. Қазақстан командасы көпсайыста қолаға қол жеткізген болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!