Месси "Реалды" үздік команда деп атады

О Сансызбай Корреспондент
Месси "Реалды" үздік команда деп атады
Фото ©️ @infobae

Аргентиналық футболшы Лионель Месси ең үздік командаларға қатысты сұраққа жауап берді. Ол қазіргі таңда "корольдік клуб" пен Пеп Гвардиола шәкірттерін үздік санайды.

БӨЛІСУ

Егер нәтижесіне қарай айтатын болсам, үздік команда – "Реал", ал ойын мәнері бойынша өзіме ұнайтыны Гвардиола жаттықтыратын – "Манчестер Сити", - дейді Месси infobae басылымына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, өткен маусымда "Реал" Чемпиондар лигасын ұтса, "Манчестер Сити" төртінші жыл қатарынан Англия чемпионы атанды.