Олимпиадаға баратын балуандар халықаралық турнир финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Олимпиадаға баратын балуандар халықаралық турнир финалына шықты

Будапеште күрестен рейтингілік турнир өтіп жатыр. Аталған сынға қатысып жатқан қазақстандық балуандар бүгін жүлдеге таласады.

БӨЛІСУ

Еркін күрестен 97 кило салмақта Әлішер Ерғали алтын медаль үшін күреседі. Ол финалда Магомедхан Магомедовпен белдеседі. Жарыс барысында Ерғали Түркия, Грузия, Иран балуандарын жеңді.

Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан турнирдің жартылай финалында сүрінді. Енді Айтмұхан қола медаль үшін күреседі. Финалға шыққанда Әлішермен жолығар еді.

Аса ауыр салмақтағы Юсуп Батырмұрзаев та финалда белдеседі. Ол финалда Массон Маркпен жолығады. Турнирде Мысыр және Грузия балуандарынан басым түскен.