"Реал" Мбаппе арқылы қыруар табыс көрмек

Manas Корреспондент
Manas >
"Реал" Мбаппе арқылы қыруар табыс көрмек
Фото ©️ FFF

3 шілдеде "Реал" франциялық Киллиан Мбаппені сапына қосқанын ресми хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Мбаппе ПСЖ-дан еркін агент ретінде кеткендіктен мадридтіктерге тегін қосылды. Дегенмен испаниялық клуб келісімшарт үшін шабулшыға қомақты бонус төлейді. 

Клуб Мбаппеге қанша төлейтіні туралы ақпарат әртүрлі болғандықтан, нақты сомма белгісіз. Бірақ "Реал" Килианға бес жылдық келісімшарт үшін төлейтін ақысынан бірнеше есе артық пайда көрмек. 

Transfer News Live мәліметінше, клуб жұлдызды форвардтың арқасында 500 миллион еуро табысқа кенелмек. Бұл негізінен футболокалар мен команданың өзге де атрибутикасын сату, сонымен қоса, демеушілік төлемдер мен иммидждік құқытар есебінен жүзеге аспақ. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!