Қазақстандық әуесқой футболшылар Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық әуесқой футболшылар Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты
Фото ©️ ©emfeuro.eu

Босния және Герцеговинада шағын футболдан әуесқойлар арасында өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты. 

БӨЛІСУ

1/8 финалда отандастарымыз Словения құрамасын 1:0 есебімен ұтты. Жеңіс голын 29-минутта Диас Егінжанов соқты. 

Ширек финалда Қазақстан құрамасы Әзербайжан – Болгария құрамалары арасындағы ойында жеңіске жеткенімен кездеседі. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Грекияға 1:0 есебімен жол беріп, кейіннен Англия (7:0) мен Украинаны (3:2) ұтып шықты.