"Реал Мадрид" жаңа маусымға арналған спорттық жейдесін таныстырды

О Сансызбай Корреспондент
"Реал Мадрид" жаңа маусымға арналған спорттық жейдесін таныстырды
Фото ©️ ©Реал ФК

Мадридтің "Реал" футбол клубы жаңа маусымға арналған спорттық жейдесін таныстырды. "Корольдік клуб" өз алаңындағы ойындарда әдеттегідей ақ түсті жейдеде ойнайды. Қонақта ойнайтын формасы кейінірек нақтыланбақ.

БӨЛІСУ

Таныстырылымға Килиан Мбаппе қатыспағанмен, оның спорттық жейдесінің суреті желіде тарады.

Айта кетейік, өткен маусымда мадридтік команда Испания чемпионы атанды. Чемпиондар лигасында 15-ші рет топ жарды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз