"Зенит" Зайнутдиновты қатарына қосқысы келеді

О Сансызбай Корреспондент
"Зенит" Зайнутдиновты қатарына қосқысы келеді
Фото ©️ © bjk.com.tr

Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновты Ресейдің "Зенит" командасы өз қатарына қосқысы келеді. Ойыншы үшін 4 миллион еуро шығындауға дайын көрінеді.

БӨЛІСУ

Goalkz_official ақпараты бойынша 26 жастағы отандасымыз питерлік команда үшін тиімді трансфер болып тұр. Себебі Бахтиер жасыл алаңдағы әмбебап футболшы. Екіншіден қазақстандық футболшылар Ресей чемпионатында легионер болып саналмайды.

Бахтиер қазір Түркияның "Бешикташ" командасында доп теуіп жүр. Оған дейін Ресейдің ЦСКА клубында ойнады.

"Зенит" сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп те ойнап жүр. Ол соңғы Кубок финалында жеңіс голын соқты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!