Халықаралық гимнастика федерациясы Әлия Юсуповаға атақ берді

Manas Корреспондент
Manas >
Халықаралық гимнастика федерациясы Әлия Юсуповаға атақ берді
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстан көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі "Құрметті бапкер" атағына ие болды. 

БӨЛІСУ

30-31 мамыр күндері Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Юсуповаға осы атақ берілді. 

Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқаруда. 

Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Париж Олимпиадасында Эльжана Таниева көркем гимнастикадан ел намысын қорғайды. 

Әлия Мақсұтқызы Қазақстан намысын Олимпиадада абыроймен қорғаған алғашқы гимнаст. Ол 2004 жылғы Афины Олимпиадасында 4, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 5-орын алған. Одан бөлек, Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның абсолютті чемпионы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!