"Команда ондайға дайын ба?". Журналист Черчесовтың "жағымсыз" жағы туралы ескертті

Manas Корреспондент
Manas >
"Команда ондайға дайын ба?". Журналист Черчесовтың "жағымсыз" жағы туралы ескертті
Фото ©️ IG/cherches_stanislav/ҚФФ

Ресейлік журналист Валерий Полевиков футболдан Қазақстан құрамасына Станислав Черчесов бас бапкер етіп тағайындалғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Бұл қызметте ол өзге ресейлік маман Магомед Адиевтің орнын басты. 

"Черчесовтың тәжірибесі мол. Романцевтан кейін әр матчтегі ұпай саны бойынша "Спартактың" ең мықты бапкері. Ресей құрамасын әлем чемпионатының ширек финалына жеткізді. "Легияны" Польша чемпионы етті. "Ференцварошпен" қатарынан екі рет алтын алды. Черчесов ешқашан күрт құлдырамайды, ғаламат ештеңе көрсетпейтін болса да. Ол ТМД өлшемі бойынша жақсы бапкер, келген командасын өзіне дейінгі деңгейден бір саты жоғары көтереді. 

Адиевтің мықтырақ та болар. Бапкер ретінде. Алайда адамдық қатынасы мүлде басқа. Адиев - беделді демократ. Черчесов - диктатура. Бұл міндетті түрде жаман емес, Фергюсон да диктатор болған. Тек команда осындай күрт өзгеріске дайын ба? Адиев әркімге жол таба білетін, сезімтал болды, командамен бір отбасы сияқты - соның арқасында нәтиже көрсетті. Черчесовтың уақытында енді ешқандай бастан сипау болмайды. Жанкүйрелер оны жақтырмайды, бірақ Черчесов еңбегіне адал. Жұмысына толық беріліп, барын салады. Енді қазір бастысы футболшылармен қарым-қатынасты құртып алмау. Егер осы жағына бәрі жақсы болса, кемі Адиевтің жеткенін қайталайды", - дейді Полевиков.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!