Килиан Мбаппе "Реал"-ға ауысты

Мира Лұқпан Корреспондент
Килиан Мбаппе "Реал"-ға ауысты
Фото ©️ instagram.com/k.mbappe

Мадридтік "Реал" француз шабуылдаушысы Килиан Мбаппемен келісімшартқа отырғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

БӨЛІСУ
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Real Madrid C.F. (@realmadrid)

"Реал Мадрид" пен Килиан Мбаппе келісімге келді, оған сәйкес ол алдағы бес маусымда клубтың мүшесі болады, - деп жазды испаниялық клуб әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, Мбаппе бұған дейін ПСЖ сапында ойнаған. Ол париждіктер сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде 25 жастағы француз клуб сапында 308 матч өткізіп, 256 гол соғып, 108 нәтижелі пас берді. Ол ПСЖ құрамында жүріп, алты рет Франция чемпионатын, төрт рет ел кубогын, үш рет Франция суперкубогын және екі рет Франция лигасының кубогын жеңіп алды.

Биылғы маусымда Килиан 48 матч өткізіп, 44 гол соғып, он нәтижелі пас берді. Ол Еуропадағы маусымның үздік футболшысы деп танылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!