2023/2024 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздіктері анықталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
2023/2024 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздіктері анықталды
Фото ©️ uefa.com

Футболдан 2023/2024 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздіктері анықталды. Символикалық құрамға финалда ойнаған "Реал Мадрид" пен "Боруссия Д" командаларынан 4 ойыншыдан енген. 

БӨЛІСУ

Маусымның ең үздік футболшысы марапатына Винисиус Жуниор ие болды. Ол биылғы "Алтын доптан" басты үміткерлер қатарында. 

Символикалық құрам:

Қақпашы – Грегор Кобель ("Боруссия Д")

Қорғаушылар – Даниэль Карвахаль, Антонио Рюдигер (екеуі де — "Реал"), Матс Хуммельс, Ян Матсен (екеуі де — "Боруссия Д")

Жартылай қорғаушылар – Витинья (ПСЖ), Марсель Забитцер ("Боруссия"), Джуд Беллингем ("Реал"), Фил Фоден ("Манчестер Сити")

Шабуылшылар – Гарри Кейн («Бавария»), Винисиус Жуниор ("Реал").

Айта кетейік, биылғы Чемпиондар лигасын Мадридтің "Реал" клубы жеңіп алды. Финалда Дортмундтың "Боруссия" командасынан 2:0 есебімен басым болды. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!