Әлімханұлы әлем чемпионының "бетпердесін сыпырды"

Manas Корреспондент
Manas >
Әлімханұлы әлем чемпионының "бетпердесін сыпырды"
Фото ©️ instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы дивизионда WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адаместің твиттердегі жазбасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Адамес әлеуметтік желіде былай деп жазыпты: "Мына белбеуді кім қалайды? Мен күтемін. Мен - жабайы айғырмын". 

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының "өтірігін әшкере қылды"

Жәнібек мұны доминиканалықтың өзінен қашып отырғанының дәлелі ретінде көріп отыр. 

"Құрметті жанкүйерлер, сіздерде сұрақ қалды ма? Енді кімнің кім екеніне көздеріңіз жетті ма?", - деп қысқа қайырды Әлімханұлы. 

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Адаместі бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын.