Нұралы Әліптің қанды жарақатының салдары айтылды

Manas Корреспондент
Нұралы Әліптің қанды жарақатының салдары айтылды
Фото ©️ РИА Нововсти

"Зенит" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогінің финалындағы жеңісті тойлау кезінде трофей басына құлап, жырып жіберген орынға тігіс алу керек болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

"Зенит" турнир финалында "Балтиканы" ұтты (2:1). Нұралы 90+5-минутта жеңіс голын салды. Ал жеңісті тойлау кезінде оның басына трофейдің қақпағы түсіп кетті. 

"Мен Кубоктің қақпағы мықты тұратын шығар десем. Ол болса тура... түсті ғой. Басында ештеңе емес деп ойладым, сосын қолыма қарасам, қызыл-ала, қан атқылап жатыр екен. Жерге отырып қалдым, қатты ауырды. Қазір барып тіктіремін. Бәрінде видео бар шығар. Тороппен соқтығысқанда да ондай ауыр болған жоқ. мына жарақат 4-5 сантиметр", - дейді Нұралы "Матч ТВ" арнасына. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!