Қазақ Олимпиадаға жолдама үшін Альвреспен айқасты

Manas Корреспондент
Қазақ Олимпиадаға жолдама үшін Альвреспен айқасты
Фото ©️ ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Таиландта өтіп жатқан соңғы лицензилық турнирде кезекті айқасын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

63,5 келіде өнер көрсететін қазақ боксшы ширек финалға жолдама үшін 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эрисланди Альвареспен жұдырықтасты. Өкінішке қарай Мұхаммедсабыр бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен есе жіберіп алды. 

Бүгін Базарбайұлына дейін рингке шыққан Назым Қызайбай 50 келідегі 1/16 финалда оңтүстік кореялық Джухюнг Джунты жеңді.

Ал бұған дейін Ұлжан Сәрсенбек (54 кг), Римма Волосенко (60 кг) және Наталья Богданова (66 кг) жарыстан шығып қалған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!