ПСЖ мен "Реал" Мбаппені 80 миллион еуроға "лақтырды"

Manas Корреспондент
ПСЖ мен "Реал" Мбаппені 80 миллион еуроға "лақтырды"
Фото ©️ Arnaud Journois (LP)

Футболдан Франция құрамасының шабулышысы Килиан Мбаппе "Пари Сен-Жермен" сапынан мадридтік "Реалға" кетемін деп табысынының ауқымды бөлігінен қағылуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

L’Equipe мәліметінше, ПСЖ президенті Нассер Әл-Хелаифи форвард испаниялық клубқа тегін кеткенін қаламайды. Сондықтан, ол Мбаппеге еңбекақы мен үстемақы түріндегі төлемнің 80 миллион еуроны бергісі келмей отыр. 

Оған қоса, ПСЖ футболшының сәуірдегі айлығы мен ақпандағы үлкен сыйақысын да төлемепті. Клуб басшылығы мұны "Реал" төлеу керек деген ойда екен. 

Алайда мадридтік клуб президенті Флорентино Перес те Мбаппеге ПСЖ төлеуі тисі ақшаны бергісі келмейді. Өйткені франциялық футболшы "Реалға" еркін агент ретінде барады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!