Енді кім? Шавкат Рахмонов UFC-де екінші қарсыластан "айырылды"

Manas Корреспондент
Енді кім? Шавкат Рахмонов UFC-де екінші қарсыластан "айырылды"
Фото ©️ ufc.com

Аустралиялық файтер Джек Делла Маддалена операция жасатып, 18 тамыз Аустралияның Перте қаласына белгіленген UFC 305 турниріне қатыса алмайтын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Еске салайық, Маддалена 10 наурыз Майамиде өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернсті (22-7) жеңгеннен кейін Шавкатты айқасқа шақырған.

Шавкат бұған дейін келесі қарсыласы Майкл Пэйдж болуы мүмкін екенін айтқан:  

"Келесі қарсыласым Маддалена болатын шығар, бірақ Пейдж де бар. Маған кім болса да бәрібір, тезірек титулды жекпе-жекке жетсем болғаны". 

Алайда англиялық та басқа қарсыласпен жекпе-жек өткізетін болып отыр, 30 маусым Лас-Вегаста өтетін UFC 303 турнирінде Майкл Пейдж (22-2) ирландиялық Иэн Гэрримен (14-0) жұдырықтасатын болды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!