Тайсонға жекпе-жекте "боксшы сымақты" нокаутқа түсіруге тыйым салынды

Manas Корреспондент
Тайсонға жекпе-жекте "боксшы сымақты" нокаутқа түсіруге тыйым салынды
Фото ©️ RingSide24

Жылдың атаулы жекпе-жегі - 57 жастағы Майк Тайсон мен 27 жастағы Джейк Пол арасындағы айқас келісімшартының кейбір қызықты жақтары белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Халықаралық бокс даңқы залының (IBHOF) мүшесі, британиялық Карл Фрочтың сөзінше, құжатта бкос аңызы үшін бірнеше шектеу қойылған екен. 

"Келісімшарт бойынша естігенім, Майк Полды бірінші раундта жеңетін болса, азырақ төлем алады. Ал нокаутқа түсірсе, тіптен аз алады. Қысқасы оның келісімшарты толықтай шектеулерден тұрады. Бұл қаншалықты рас екенін білмеймін, бірақ, маған айтқаны сол - Тайсон Полды құлататын болса, аз ғана ақша алады", - деп береді Фрочтың сөзін Boxing247.com.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!