Месси мен Роналдудың басты айырмашылығы айтылды

Manas Корреспондент
Manas >
Месси мен Роналдудың басты айырмашылығы айтылды
Фото ©️ IG/leomessi/cristiano

Мәскеулік "Динамо" футбол клубының ойыншысы Федор Смолов аргентиналық Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналду арасындағы айырмашылықты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

"Маған Месси көбірек ұнайды. Криштиануға қарағанда команда ойынына Месси көбірек әсер етеді. Нақты айтқанда ойындағы нәтижеге. Роналду керемет атлет, кәсіпқой және үлгі, жалпы супер жігіт. Ол көп гол салады, машина. Бірақ Мессидің командаға маңыздылығы басым. 

Роналду қазір Сауд Арабиясында, оның статистикасы ғаламат. Ол бәсекелестігі айтарлықтай жоғары лига. Саудияға барған жұлдыздардың кетіп жатқандары да бар, өйткені ол жер өзгеше. Бірақ кейбірі қалуда. Ал енді Роналдуға қарасаң - спортпен айналысуға мотивация аласың", - деп береді Смоловтың сөзін Smol Talk YouTube арнасы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!