Қазақстан Олимпиадаға іріктеуде үшінші жекпе-жекте жеңіске жетті

Manas Корреспондент
Қазақстан Олимпиадаға іріктеуде үшінші жекпе-жекте жеңіске жетті
Фото ©️ ҚБФ

Бүгін, 27 мамыр Бангкокта (Таиланд) лицензиялық соңғы турнирдің кезекті жарыс күні басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Қазақстан атынан рингке бірінші болып Римма Волосенко шықты, 60 келі салмақтағы жекпе-жекте ол германиялық Марию Фелиситас Гангльбауэрді ұпай санымен жеңді. 

Енді кешкі сессияда Валентина Хальзова (75 келі) украиналық Каролина Махномен жұдырықтасады. Басталуы 16:45.

Бұған дейін Бангкокта Назым Қызайбай (50 келі) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) бірінші жекпе-жектерінде жеңіске жеткен еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!