Хосеп Гвардиола "Манчестер Ситидің" жаңа бапкерін атады

Manas Корреспондент
Хосеп Гвардиола "Манчестер Ситидің" жаңа бапкерін атады
Фото ©️ instagram.com/mancity/

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола болашақта англиялық клубты кім жаттықтыратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

"Болашақта "Манчестер Ситидің" бапкері Венсан Компани болады, осыны есте сақтап алыңдар.

Иә, бұл міндетті түрде болады. Осылай болғанда, маған қоңырау шаласыздар...", - деп береді Гвардиоланың сөзін инсайдер Фабрицио Романо.

Компани "Манчестер Сити" сапында 2008 бен 2019 жылдар аралығы ойнаған. 2020 жылы бір маусым "Андерлехтте" өткізіп, карьерасын аяқтады. Кейін "Андерлехт" пен "Бернли" клубтарын жаттықытрыды.

Айта кетейік, "МанСити" биылғы маусымда Гвардиоламен бірге төртінші жыл қатарынан Англия чемпионатын жеңіп алды. Мұндай АПЛ-дің 135 жылдық тарихында болмаған екен. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!