Асу Алмабаев карьерасында алғаш рет UFC кардында айқасады

Manas Корреспондент
Асу Алмабаев карьерасында алғаш рет UFC кардында айқасады
Фото ©️ instagram.com/asu_zulfikar57

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Асу Алмабаев карьерасында алғаш рет UFC турнирінің басты кардында жұдырықтасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

15 маусымда өтетін UFC Vegas 93 турнирінде Алмабаев промоушендегі үшінші айқасын өткізеді. Қазақстандықтың қарсыласы америкалық Хосе Джонсон (16-8). Бұл жекпе-жек басты кардта өтіп, маңыздылық жағынан бесінші болады. 

Осылайша, 30 жастағы Асуды алғаш рет негізгі кардқа қойды. Ал кештің басты оқиғасы Алекс Перез бен Тацуро Таира жекпе-жегі болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!