Соңғы лицензияға таласады. Бокстан Қазақстан құрамасының Таиландағы қарсыластары белгілі

Manas Корреспондент
Соңғы лицензияға таласады. Бокстан Қазақстан құрамасының Таиландағы қарсыластары белгілі
Фото ©️ СДД

Бүгін Таиланд астанасында басталатын Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирі басталады. Бұл жарысқа Қазақстаннан алты боксшы барды. Қазақстандықтардың соңғы лицензиялар үшін таласта алғашқы қарслыастары белгілі. 

БӨЛІСУ

Ерлерден 63,5 келідегі жалғыз боксшымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлының қарсыласы филиппиндік Кристиан Питт Лауренте.

Әйелдер: 

50 келі: Назым Қызайбай - Николь Дурикова (Словакия);

54 келі: Ұлжан Сәрсенбек - Шера Мэй Патрисио (АҚШ);

60 келі: Римма Волосенко - Мария Фелиситас Гангльбауэр (Германия);

66 келі:  Наталья Богданова - Кристина Кулухова (Сербия);

75 келі:  Валентина Хальзова - Каролина Махно (Украина).

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!