Қазақстандық боксшы "Қиратушыны" екінші раундта-ақ нокаутқа түсірді

Manas Корреспондент
Қазақстандық боксшы "Қиратушыны" екінші раундта-ақ нокаутқа түсірді
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (20-1, 15 КО) Детройттағы бокс кешінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Ахмедов 40 жастағы Энкарнасьон Диаспен (18-4, 11 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, бірақ, екіншісінде техникалық нокаутпен аяқталды. Ал оған дейін Али "Қиратушы" лақап атты косториколықты бір есеңгіретіп алды. 

Осылайша, Ахмедов карьерасында 21-рет жеңіске жетті, ал Энкарнасьон Диас бесінші рет жеңілді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @real.talkboxing

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!