Нокаутпен жеңді! Жүкембаевты әлемдегі ең мықты боксшының өзі құттықтады

Manas Корреспондент
Нокаутпен жеңді! Жүкембаевты әлемдегі ең мықты боксшының өзі құттықтады
Фото ©️ x.com/Batyr777Boxing

Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) қазақстандық командаласы Батыр Жүкембаевты (23-1, 17 КО) жеңісімен құттықтады.

БӨЛІСУ

Батыр Плант-Ситиде өткен жекпе-жек кешінде украиналық Иван Редкачты (24-7-1, 19 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

"Құттықтаймын, Батыр Жүкембаев", - деп жазыпты Кроуфорд Instagram желісіндегі стористе.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!