Жүкембаев өзін нокаутқа түсірмек болған қарсыласын есеңгіретіп тастады

Manas Корреспондент
Жүкембаев өзін нокаутқа түсірмек болған қарсыласын есеңгіретіп тастады
Фото ©️ boxinggu.ru

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 16 КО) кәсіпқой рингтегі 24-ші жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінде Батыр El Terrible ("сұмдық") лақап атты украиналық Иван Редкачпен (24-6-1, 19 КО) жұдырықтасты. Он раундқа есептелген жекпе-жек бесіншісінде аяқталды - Жүкембаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, қазақстандық боксшы карьерасында жиырма үшінші жеңісіне жетіп, WBA Continental North Americas титулын қорғап қалды, ал Редкач карьерасында жетінші рет жеңілді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!