Қазақстандық бұрымды боксшы "Индонезия патшайымымен" айқасқа шығады

Manas Корреспондент
Қазақстандық бұрымды боксшы "Индонезия патшайымымен" айқасқа шығады
Фото ©️ Tapology

Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Лукас келесі айқасын 30 мамыр Таиланд астанасы Бангкокта өткізеді. Ал қарсылас "индонезиялық патшайым" лақап атты Харма Йести (1-3-1, 0 КО). 

"Саған біздің бокс мектебі не екенін көрсетемін! Бұл менің кәсіпқойдағы он бірінші жекпе-жегім. Кеттік! Рейтингтік айқас", - деп жазыпты Лукас Instagram желісінде. 

Лукас кейінгі рет 25 сәуір Бангкокта жұдырықтасып, үндістандық Мамта Сингхті (5-2, 2 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңді. Осы жеңіс арқасында қазақстандық боксшы WIBF және WBF титулдарын иеленді. 

Ал Йести болса осыған дейін бір жекпе-жегінде ғана жеңіп, қалған үшеуінде нокаутпен жеңілген екен. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Angelina Lukas (@angelina_lukas1997)