Қазақстандық боксшылар соңғы лицензиялық турнирге аттанды

Manas Корреспондент
Manas >
Қазақстандық боксшылар соңғы лицензиялық турнирге аттанды
Фото ©️ ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына соңғы лицензиялар ойнатылатын Таиландтағы іріктеу турниріне ұшып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Бұл жарыс 24 мамыр мен 2 маусым аралығы Бангкокта өтеді. Оған ерлерден 1 және 4 бұрымды боксшымыз қатысады. 

Олар: 63,5 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Ал бұрымдылардан Назым Қызайбай (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Наталья Богданова (66 келі) және Валентина Хальзова (75 келі).

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Олимпиада жолдамалары Ханчжоудағы Азия ойындарында және Бусто-Арсициодағы турнирде таратылған еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!