Қазақ чемпионнан оңбай таяқ жеген аргентиналық файтерді төреші құтқарып қалды

Manas Корреспондент
Қазақ чемпионнан оңбай таяқ жеген аргентиналық файтерді төреші құтқарып қалды
Фото ©️ Eagle FC

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (9-0) екі жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралды. Абу-Дабиде өткен UAE Warriors 50 турнирінде ол аргентиналық Эмилиано Сордимен (24-13-1) жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Бұл айқас бірінші раундта-ақ аяқталды, Дияр қарсыласын бет қаратпай сабап тастады. Төреші жекпе-жекті үзіп, аргентиналықтың таяқ жеуін тоқтатты. Осылайша, қазақ файтер тоғыз жекпе-жегінің жетеуін нокаутпен аяқтап отыр.

Бұған дейін Дияр 2022 жылы тамызда Eagle FC турнирінде жұдырықтасқан. Ол кезде қазақ файтер Хабиб Нурмагомедовтың лигасындағы чемпиондығын қорғап қалған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UAE Warriors (@uae_warriors)