Сарапшы "Сұмдық" боксшы Жүкембаевты нокаутқа түсіруі мүмкін екенін айтты

Manas Корреспондент
Manas >
Сарапшы "Сұмдық" боксшы Жүкембаевты нокаутқа түсіруі мүмкін екенін айтты
Фото ©️ instagram.com/proboxtvofficial

Канадалық бокс сарапшысы Лоурент Поулин қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (22-1, 16 КО) алдағы жекпе-жегі мен қарсыласына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Батыр 22 мамыр АҚШ-тың Плант-Сити қалашығындағы бокс кешіне қатысады. Қарсыласы El Terrible ("сұмдық") лақап атты украиналық Иван Редкач (24-6-1, 19 КО). Жекпе-жек 10 раундқа есептелген. 

"Өте мықты қарсылас. Оның рекорды жоғары санатта екенін көрсетіп тұр. Атақты боксшылармен жұдырықтасқан және оларға қарсы әлсіз көрінген жоқ. Жалпы бокста мықты дағдылары бар нокаутқа түсіре алатын жігіт. 

Сондықтан Жүкембаевта бұл айқаста басымдық болмайды. Қарсыластардың мүмкіндігі теңдей. Редкач жеңсе, статистикасын жақсартып, қомақтырақ ұсыныстар алады. Ал Батыр үшін жеңіс - Матиастан жеңілістен кейін топ деңгейге оралудың мүмкіндігі", - дейді Поулин. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!