Махмұт Сабырхан мен өзбек боксшы "Елорда кубогіндегі" айқаста жеңімпазы анықтады

Manas Корреспондент
Manas >
Махмұт Сабырхан мен өзбек боксшы "Елорда кубогіндегі" айқаста жеңімпазы анықтады
Фото ©️ Depositphotos

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогі" халықаралық турниріндегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

57 келіде өнер көрсететін Махмұттың бұл жолғы қарсыласы өзбекстандық Худойназар Фаизов болды. Үш раунд қорытындысы ойынша қазақстандық боксшы қарсыласынан ұпай санымен басым түсті. 

Украиналық Василий Ломаченкомен стиль ұқсастығы үшін Махмұтты "қазақтың Ломаченкосы" атап кеткен еді. Бұл турнирдегі бірінші айқасында қазақ боксшы ирандық Даниал Шахбахшты жеңген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!