"Өзбекстандық Джалоловты құлатты... ". ASBC қазақ боксшының күшіне тамсанды

Manas Корреспондент
"Өзбекстандық Джалоловты құлатты... ". ASBC қазақ боксшының күшіне тамсанды
Фото ©️ instagram.com/boxingkazakhstan/

Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) қазақстандық Темірлан Мұқатаевтың Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионаты финалында өзбекстандық Самандар Джалоловты нокаутпен жеңгеніне тамсанды.

БӨЛІСУ

Осылайша, Мұқатаев 86 келіде алтын жеңіп алды.

"Жастар арасында Азияның екі дүркін жеңімпазы Темірлан Мұқатаев ауыр салмақта елдің элиталы чемпионы. 20 жастағы қазақстандықтың ауыр соққыларынан кейін төреші өзбекстандық Самандар Джалоловқа нокдаун есептеді. Мұқатаев - біздің спорттағы табиғи күш, оның сол жақ хуктарының бірі өзбекстандық үшін қауіпті болғаны сонша, Джалоловты құлатты да, бұл екінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға себеп болды", - деп жазады ASBC.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)