"Оған мұнда келмеген жөн". Қуат Хамитов ресейлік атақты спортшыға үн қатты

Manas Корреспондент
"Оған мұнда келмеген жөн". Қуат Хамитов ресейлік атақты спортшыға үн қатты
Фото ©️ instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов 11 мамыр Екатеренбордағы RCC 19 турнирі аясында өтетін Александр Шлеменкомен жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

БӨЛІСУ

"Жол бойы Екатренбор тарихын оқып келдім. 5 мамыр тарихында ешқашан мұндай ауа райы болмапты: бұл Александр Шлеменко үшін жаман белгі. Оған мұнда келіп керегі жоқ. Осында ұшқанымда үлкен өзгерістер басталды - жаңбыр, қар. Ертең жер сілкініп жүрмегей әйтеу. Александрға мұнда келмеген жөн. 

Оны ақылмен жеңемін: мен әккімін, ақылдымын. Осынша көп жекпе-жек өткізген қарсыластар кездескенде физикалық күш пен шыдамдылық арқасында жеңбейді. Оған интелект арқылы жетеді. 

Мен Шлеменкодан ақылдырақпын. Қорқыныш кетеді де өне-бойың басқаша қимылдайды. Спаррингтің соңғы күндері басқа адамға айналдым. Қазір Шлеменкоға жемтігін көрген жыртқыштай қараймын", - деп береді Қуаттың сөзін RCC лигасының баспасөз қызметі.