Жастар құрамасы Азия чемпионатында топ жарды

Manas Корреспондент
Manas >
Жастар құрамасы Азия чемпионатында топ жарды
Фото ©️ Ұлттық олимпиадалық комитет

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатының екінші жарыс күні Олимпиада жолдамасынан бөлек құрама қоржынына тағы үш жүлде түсті.

БӨЛІСУ

Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс жеңіп алды.

Еске салайық, кешегі жарыс күні Эльжана Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен болатын.