Канелоға Головкин сияқты қауіпті қарсыластың есімі аталды

Manas Корреспондент
Канелоға Головкин сияқты қауіпті қарсыластың есімі аталды
Фото ©️ Fightnews.info

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) пен отандасы Хайме Мунгия (43-0, 34 КО) арасында өтетін жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

БӨЛІСУ

Бокс функционерінің сөзінше, Канелоға Мунгияны менсінбеуге болмайды. Сонымен қоса, ол жас мексикалықты Геннадий Головкинге (42-2-1,37 КО) теңеді.

"Хайме Мунгия - Канело үшін Головкиннен кейінгі екінші қауіпті қарсылас", - дейді Сулейман.