Қазақстан спортшылары жүзуден Түркия ашық чемпионатына қатысады

Manas Корреспондент
Қазақстан спортшылары жүзуден Түркия ашық чемпионатына қатысады
Фото ©️ SWIM ROCKET

Жүзуден Қазақстан командасы ересектер арасындағы Түркия чемпионатында бақ сынайды, деп жазады Olympic.kz.

БӨЛІСУ

Әйелдер арасында Диана Тасжанова, София Сподаренко, Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Даниела Дю жарыс жолына шығады.

Ерлер арасында Әділбек Мусин, Арсен Қожахметов, Егор Василенко, Максим Сказовцов, Даниил Черепанов, Егор Попов жүлдеге таласады.

Түркия біріншілігі 2-4 мамыр аралығына жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін жүзуден Қазақстан командасы Испанияда оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Жаттығу жиыны үш аптаға созылды.