Канелодан бокстағы құбыжықты сұрап еді ол Головкинді еске алды

Manas Корреспондент
Канелодан бокстағы құбыжықты сұрап еді ол Головкинді еске алды
Фото ©️ AllBoxing

Суперорта салмақта (76,2 келіге дейін) әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) осы дивизионда WBC ұйымының "уақытша" белбеуіне ие Давид Бенавидес (28-0, 24 КО) туралы ойын айтты.

БӨЛІСУ

"Бенавидес - құбыжық па? Жоқ, ол да Головкин сияқты", - деп береді Альварестің сөзін FightHubTV.

Еске салайық, Канело мен Геннадий Головкин үш рет жұдырықтасқан: біріші рет 2017 жылы Лас-Вегаста тең түсті. Бір жылдан кейін сол жерде Альварес төрешілердің бөлек шешімімен басым түсті. Ал 2022 жылы Сауль тағы жеңді, бірақ бұл жолы төрешілердің ортақ шешімімен.