Канело 34 боксшыны сұлатқан нокаутшыдан кейінгі қарсыласын таңдап қойды

Manas Корреспондент
Канело 34 боксшыны сұлатқан нокаутшыдан кейінгі қарсыласын таңдап қойды
Фото ©️ Allboxing

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) 2024 жылы өткізетін екінші жекпе-жегіне қарсылас таңдап қойғанға ұқсайды.

БӨЛІСУ

Еске салайық, Канело жылда мамыр мен қыркүйекте жұдырықтасады - Синко де Майо мерекесі мен Мексиканың тәуелсіздік күндері. Осы айда ол отандасы Хайме Мунгиямен (43-0, 34 КО) жекпе-жек өткізеді.

Ал енді қыркүйекте Канело орта дивизионда WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (33-0, 22 КО) кездесетін сияқты. Мексикалық онымен былтыр күзде кездесу жұдырықтасу керек болған, алайда оның орнына егізі Джермеллмен (35-2-1, 19 KO) кезігіп, оны жеңген еді. 

Джермаллдың өзі FightHype басылымына сұхбатында былай дейді:

"Канеломен жұдырықтасып, бауырым үшін есе қайтарамын. Қыркүйекте. Әзірге жекпе-жектің нақты қай жерде өтетіні белгісіз".