Қазақстандық бұрымды нокаутпен жеңістен кейін әлемдік рейтингте жоғарлады

Manas Корреспондент
Қазақстандық бұрымды нокаутпен жеңістен кейін әлемдік рейтингте жоғарлады
Фото ©️ angelina_lukas1997

Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) екі титул үшін жекпе-жектегі кейінгі жеңісінен кейін әлемдік рейтингтің топ-10 тізіміне кірді.

БӨЛІСУ

25 сәуір Бангкокта Лукас үндістандық Мамта Сингхпен (5-2, 2 КО) жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы бұл айқаста қарсыласын бесінші раундта жеңіп, екінші өте жеңіл салмақта WIBF және WBF титулдарын жеңіп алды. 

Бұл жетістік арқасында Лукас BoxRec рейтингінде екі саты жоғарылап, қазір оныншы орынға жайғасты.