Грек-рим күресінен соңғы лицензиялық турнирге қазақстандық екі балуан барады

Manas Корреспондент
Грек-рим күресінен соңғы лицензиялық турнирге қазақстандық екі балуан барады
Фото ©️ olympic.kz

Біріккен күрес әлемі (UWW) Стамбулда (Түркия) өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысатын балуандар тізімін жариялады, деп жазады Olympic.kz. 

БӨЛІСУ

UWW тізіміне сәйкес, грек-рим күресінен Қазақстан атынан екі балуан күреседі.

Олар - Дін-Мұхаммед Қошқар (67 келі), Юсуф Мациев (97 келі). 

Дін-Мұхаммед Қошқар Қазақстан чемпинонатының финалында Мейіржан Шермаханбеттен ұтылған болатын. Бірақ екінші нөмірлі спортшы ретінде Бішкектегі Азия чемпионатына қатысқан жоқ. 

Ал Юсуф Мациев 97 келі салмақта құрлық біріншілігінің финалына шығып, күміс жүлдегер атанған.