"Мұндай қарқынмен...". Головкин командасындағы боксшы "өкінішке ұрынатыны" айтылды

Manas Корреспондент
"Мұндай қарқынмен...". Головкин командасындағы боксшы "өкінішке ұрынатыны" айтылды
Фото ©️ instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Америкалық журналист Джек Маккаферри екінші орта салмақтағы қазақстандық Али Ахмедовтың (19-1, 14 КО) Алматыда өткен "IBA чемпиондарының түні" атты бокс кешіндегі нокаутпен жеңісіне қатысты ойын айтты. 

БӨЛІСУ

Ахмедовтың қарсыласы венесуэлалық Карлос Риверо (26-3-1, 15 КО) болды. Тоғыз раундқа есептелген айқас екіншісінде аяқталды, Али қарсыласын нокаутқа түсірді.

"Бұл керемет жеңіс. Қарсылас тәжірибесі мол боксшы болды. Ол Ахмедовке қиындық тудыра алуы мүмкін еді. Қазақстандық боксшы әлі де жақсы формада екені көру қуанышты. Бірақ мен IBA турнирлерін қолдамаймын. Олардың кәсіпқойдағы карьераға әсері мардымсыз. Ал Ахмедов рингке бір жарым жыл шықпады. Ол уақытын жоғалтып жатыр, осы уақытты рейтигін өсіру мен танымалдылығын артыруға жұмсауға болар еді. Мұндай қарқынмен, ол ұмыт болып қалған проспектердің біріне айналады", - дейді Маккаферри.