Рыбакина Мадридтегі келесі матчінде қазақстандық теннисшіге қарсы ойнайы мүмкін

Manas Корреспондент
Manas >
Рыбакина Мадридтегі келесі матчінде қазақстандық теннисшіге қарсы ойнайы мүмкін
Фото ©️ WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жетті.

БӨЛІСУ

Бұл жарыстағы төртінші кездесуінде Рыбакина 18 жастағы чехиялық Сара Бейлекпен ойнады. Елена бұл қарсыласымен бір сағат 16 минут ойнап, екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстандық теннисші 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Бейлек 1 эйс, 2 брейкпен (14 брейк-пойнт) шектелді.

Енді Елена жартылай финалға өту үшін ресейлік Дарья Касаткина және қазақстандық Юлия Путинцева арасындағы матчтің жеңімпазымен кездесу өткізеді.