Қазақстандық мерген стенд атудан Олимпиада жолдамасын иеленді

Manas Корреспондент
Қазақстандық мерген стенд атудан Олимпиада жолдамасын иеленді
Фото ©️ olympic.kz

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Эдуард Ещенко Париждегі Олимпиада ойындарына квота жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

БӨЛІСУ

Ещенко Дохада (Катар) өткен іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті. Ол «скит» бағдарламасы бойынша іріктеуден өтіп, финалға жолдама алды. 

Ал шешуші раундта үшінші орыннан көрініп, Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті. 

Айта кетелік, бұған дейін «трап» бағдарламасы бойынша Мария Дмитриенко олимпиада жолдамасын иеленген еді.