Канело жеңіліп көрмеген қырғызстандықпен айқас туралы ойын айтты

Manas Корреспондент
Канело жеңіліп көрмеген қырғызстандықпен айқас туралы ойын айтты
Фото ©️ vRINGe.com

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес қазір Қырғызстан атынан жұдырықтасып жүрген ресейлік Дмитрий Биволмен қарымта жекпе-жек туралы ойын айтты.

БӨЛІСУ

"Егер Биволмен қарымта өтетін болса, мен жартылай ауыр салмаққа көтеріле аламын. Бұл айқасты аңсап жүрген жоқпын, бірақ мүмкіндік туса, тараптар қандайда бір келісімге келе алса, мен жекпе-жекке шығар едім", - деп береді Альварестің сөзін One On One|Boxing YouTube арнасы. 

Канело бірінші рет Биволмен 2022 жылы мамырда Лас-Вегаста жұдырықтасып, төрешілер шешімімен (115-113 үшеуі де) жеңіліп қалған еді.